18-19/04/2014 ҚАЗАҚСТАН САЯСАТТАНУШЫЛАРЫНЫҢ III КОНГРЕСІ

Саяси зерттеулер ассоциациясы РҚБ, Аналитикалық ұйымдар альянсы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен бірлесе отырып, Сізді «Қазақстандағы саяси ғылым: қазіргі жағдайы мен даму келешегі» атты тақырыпта 2014 ж. 11-12 сәуірде(өзгерістер мүмкін) сағ.10.00 Еуразия Ұлттық Университетінің бас корпусы, Астана қаласы мекен- жайы бойынша өтететін саясаттанушылардың III Конгресіне қатысуға шақырады. Саясаттану әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласында ерекше орынға ие. Еркін, бәсекеге қабілетті, саяси плюралистік кеңістік пен пәннің динамикалық дамуы арасындағы байланыс айқын болып табылады. Алайда, саясаттанудың институционалдану үдерісінің барысында көптеген мәселелер мен олқылықтар бар. Конгресс барысында жоғары білім, іргелі және қолданбалы саяси ғылымдар жағдайының өзекті мәселелері мен даму мүмкіндіктері талқыланады. Конгресс жұмысына оқытушылар, саясаттанушылар, қоғам қайтраткерлері, мемлекеттік және ҮЕҰ өкілдері, докторанттар, магистранттар, студенттер және басқа да қызығушылық танытқандар қатыса алады.

Баяндалмаларды келесі секциялар бойынша жіберулеріңізді сұраймыз:

1. Қазақстандағы саяси ғылым: теория және методология мәселелері 

2. Қазақстан ЖОО саясаттануды оқытудың өзекті мәселелері 

3. Қолданбалы саясаттану: мәселелері және келешегі 

4. Саясаттану және саясаттанушылар мемлекет пен қоғамға қажет пе?

Еркін талқылау (2-3 баяндама сұрақ жауап сессиясы түрінде өтеді).

Іс-шараның толық бағдарламасы өткізілу мерзіміне жақын жіберіледі.

Конгреске қатысуға өтініш білдіру мен баяндамалар мәтіні электронды нұсқада 

2014 ж. 26 наурызына дейін This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. поштасына (хатта «Конгресс 2014» белгісін қоюды өтінеміз) жіберілуі тиіс. Материалдар жинағы конгреске дейін шығарылады, сондықтан аталған мерзімнен кейін жіберілген немесе талаптарға сәйкес келмейтін материалдар жариялануға қабылданбайды және қарастырылмайды.

Мақаланы ұсыну шарттары:

  • Баяндамалар қазақ, орыс, ағылшын тілінде қабылданады. Баяндама мәтіні Microsoft Word мәтін редакторында терілуі шарт. Қаріп Times New Roman, кегль – 12, жоларалық интервал- 1, көлемі -5 бетке дейін, шекара – әрбір жағынан 2 см болуы қажет.
  • Қатысу өтінімі және баяндама мәтіні электронды нұсқада бір файлда (бет нөмірін белгілеусіз) қабылданады. Файлдың атауы бірінші автордың тегі мен баяндама атауынан тұруы шарт. (Мысалы: Омарова_Қазақстандағы саясаттану)
  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мәтіннің соңына орналастырылады және қолданылу реті бойынша теріледі. Әдебиетке сілтеме «квадрат» жақшаға алынады. Мысалы: [1,Б.12]. Баяндама авторларының тізімі 3-тен артық болмауы шарт. Баяндама мәтіні ұйымдастыру комитетінің қарастырылуы бойынша түзетілуі мүмкін.
  • Жолақы мен тамақтануға қатысты барлық шығындар Конгреске қатысушылардың тарапынан төленеді.

 

Баяндаушы үшін өтінім түрі:

  1. Аты-жөні
  2. Жұмыс орны, қызметі
  3. Ғылыми дәрежесі, лауазымы
  4. Баяндама тақырыбы
  5. Телефон, e-mail

Тыңдаушы үшін өтінім түрі:

  1. Аты-жөні
  2. Оқу немесе жұмыс орны
  3. Телефон, e-mail

Осы саладағы мамандардың мәліметтер базасын қалыптастыру мақсатында саясаттанушы сауалнамасын қосымшадан таба аласыз.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша конгрестің ұйымдастыру комитетіне хабарласуыңызды сұраймыз.

Абай даңғылы 68/74, Алматы қаласы

Тел.: +7(727) 375 88 18, 

факс: +7(727)375 88 18.